7 оқушыны ажал құштырған Галявиев өмір бойы түрмеде отырады

13 Сәуір 2023, 14:29
904
Бөлісу:
7 оқушыны ажал құштырған Галявиев өмір бойы түрмеде отырады
Фото: Alexey NASYROV/REUTERS

Ильназ Галявиев Қазан мектебінде 9 адамның өмірін қиғаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА Новостидің деректеріне сүйенсек, Татарстан Жоғарғы соты Ильназ Галявиевті Қазандағы №175 гимназияда 9 адамның өліміне кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Тергеушілердің айтуынша, Галявиев деструктивті субмәдениеттің бейресми өкілдерінің әрекеттеріне еліктеуге тырысқан, ғаламтордан олар туралы ақпарат іздеп, шабуыл барысында олардың әрекеттерін қайталаған.

Бұдан бөлек сотта Галявиевтің ақыл-есі дұрыс екені де расталды. Тергеу барысында ол кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. 

Еске салсақ, 2021 жылдың 11 мамырында Ильназ Галявиев Татарстан астанасындағы мектептердің біріне шабуыл жасады. Ол мектеп ғимаратында жаппай оқ жаудырды, онымен қоса қолдан жасалған жарылғыш затты да ала барған. Салдарынан 7 бала мен екі бала ажал құшты. Қылмыскерді ФҚҚ қызметкерлері ұстап алды.

Өзгелердің жаңалығы