Сербияда студенттер шеруінен кейін ондаған адам ұсталды

Полиция жаппай ұстау жүргізді.

 minval.az Бүгiн 2026, 16:12
Бүгiн 2026, 16:12
126
Фото: minval.az

Белград қаласының орталығындағы Pionirskog саябағы маңында жаппай тәртіпсіздік болды. Бұл кезде Славия алаңында Сербия жоғары оқу орындары студенттерінің наразылық митингі өтіп жатқан.

Nova мәліметінше, полиция жиналғандарды заң факультеті ғимараты жағына қарай ығыстырған. Парламент маңында көзден жас ағызатын газ қолданылып, жарық-дыбыс гранаталарының дауысы естілген. Басылымның жазуынша, наразылық білдірушілер полицияға файер, тас және қолдан жасалған жарылғыш заттар лақтырған.

Бүгін кешке Славия алаңындағы жиыннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз еткен полицейлерге шабуыл жасағандардың барлығы анықталып, заң аясында жауапқа тартылады, – деп мәлімдеді Белград прокуратурасы.

Ведомство полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау қылмыс саналатынын ескертті. Елдің ішкі істер министрі Ивица Дачич тәртіпсіздікке байланысты 23 адамның ұсталғанын айтты.

AP агенттігінің хабарлауынша, үкіметтің жаппай шерулерді тоқтатуға тырысқанына қарамастан, студенттер ұйымдастырған митингке ондаған мың адам жиналған. Көпшілігі «Студенттер жеңеді» деген жазуы бар футболка киіп келген.

Сол күні Белградқа Сербияның өзге қалаларынан көлік колонналары да келген. Ал мемлекеттік теміржол компаниясы 23 мамырда Белградқа қатынайтын барлық пойыз рейсін тоқтатқан.

Сербияда жаппай наразылық акциялары бір жылдан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Антиүкіметтік шерулер 2024 жылдың қарашасында Нови-Сад қаласындағы жөнделген теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 16 адам қаза тапқаннан кейін басталған.

2025 жылдың қаңтарында осы наразылықтар аясында Сербия премьер-министрі әрі Нови-Садтың бұрынғы мэрі Милош Вучевич отставкаға кеткен болатын.

Ал 2025 жылдың желтоқсанында Сербия президенті Александар Вучич парламентке кезектен тыс сайлау 2026 жылы өтетінін растаған еді.

Наверх