Сенбіге арналған ауа райы болжамы

26 Қазан 2019, 08:19
1815
Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz. Сенбі күні еліміздің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, 26 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон шоғырының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы ашық болады, тек еліміздің солтүстік және шығыс бөліктерінде циклон және атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Кей жерінде тұман түсуі ықтимал. 

Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Павлодар, күндіз Қостанайда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ.




Өзгелердің жаңалығы