Сенбіде Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Сенбіде Алматыда ауа сапасы нашарлайды
1422

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қазанда Алматы қаласында ғана ауа ластанады деп болжануда, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның өзге шаһарларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы