Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы

11 Желтоқсан 2021, 10:06
1359
Бөлісу:
Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Сенбі күні ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Ал батыста жаяу бұрқасын болып, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 

Алматы облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 20-25, екпіні 29 м/с және одан да асады. Түнде солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының шығысында тұман, көктайғақ. 

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, түнде облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының батысында, орталығында жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с аралығында. 

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы