Сенбі, 7 қазанға арналған ауа райы болжамы

7 Қараша 2020, 07:40
987
Бөлісу:
Сенбі, 7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қарашада республика аумағының басым бөлігінде күн күн жауын-шашынды болады. Қазақстан территориясының басым бөлігіндегі ауа райына Мурманск аймағынан келетін циклон ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Тұман түсіп, батыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, аталған аймақтарда күн жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Өзгелердің жаңалығы