Сенбі, 19 наурыз күнгі ауа райы болжамы

19 Наурыз 2022, 08:25
1390
Бөлісу:
Сенбі, 19 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон жырасының ықпалында болады. Онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Елдің шығысында жауын-шашын болжанады, оңтүстік бөлігінде көбіне жаңбыр түрінде жауады. Жалпы, республика аумағында тұман, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, көктайғақ байқалады, деп хабарлайды

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында және таулы аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының солтүстік және таулы аумақтарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыста желдің күші 15-20 м/с артады. 

Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Түркістан облысында түнде және таңертең тұман байқалады.

Өзгелердің жаңалығы