Сенаттың жаңа депутаттары ант берді

26 Қаңтар 2023, 11:21
1271
Бөлісу:
Сенаттың жаңа депутаттары ант берді
Фото: скрин

Палата отырысында жаңадан тағайындалған Парламент Сенатының депутаттары ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Отырысқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп қатысты.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа конституциялық мерзімге 10 Сенат депутаты тағайындалды. Оның ішінде 5 сенатор Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен бойынша тағайындалған болатын. Сонымен қатар жаңадан сайланған сенаторлар да қатарымызға қосылып отыр. Ортамызда сайлау нәтижесі бойынша екінші мерзімге сайланған әріптестеріміз де бар. Баршаңызды құттықтай отырып, Президентіміз және сайлаушылар білдірген сенімді ақтау үшін еселі еңбек етесіздер деп сенемін, - деді қайта сайланған Сенат спикері Мәулен Әшімбаев. 

Белгіленген тәртіпке сәйкес сенаторлар ант беретіні белгілі. 

Белгіленген тәртіп бойынша жаңадан тағайындалған және сайланған депутаттар Палата отырысында ант береді, - деп атап өтті Сенат төрағасы. 

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді депутаттар.

Еске сала кетейік, биыл 14 қаңтарда өткен дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:

Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев

Ақмола облысынан –Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов 

Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхуллұлы Нугманов 

Алматы облысынан – Жанболат Ақебайұлы Жөргенбаев 

Атырау облысынан – Әлібек Ибатуллиұлы Наутиев 

Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Буктугутов

Жамбыл облысынан - Сәкен Қаланұлы Арубаев 

Жетісу облысынан - Амангелді Ғабділкәрімұлы Толамисов 

Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов

Қарағанды облысынан - Серік Балғатайұлы Өтешов 

Қостанай облысынан - Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов 

Қызылорда облысынан - Руслан Рүстемов 

Маңғыстау облысынан - Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 

Павлодар облысынан - Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов 

Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова 

Түркістан облысынан - Мұрат Болатұлы Қадырбек 

Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев 

Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай 

Алматы қаласынан - Жанна Бейсентайқызы Асанова 

Шымкент қаласынан - Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сенатор болып:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы