Сенатта Жоғарғы Соттың судьялары сайланды

29 Маусым 2023, 10:31
968
Бөлісу:
Сенатта Жоғарғы Соттың судьялары сайланды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бүгін өтіп жатқан Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың 5 судьясы сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Ерлан Айтжанов, Ғабит Әлжанов, Гүлмира Исамберлиева, Ерлан Қосмұратов, Нұрлан Құрманғалиев сайланды.

Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар, - деп атап өтті Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Айтуынша, сайланған судьялар өз саласының білікті мамандары, аудандық әрі облыстық соттарда қызмет еткен.

Сенат депутаттары аталған кандиттарды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.

Жаңа қызметке сайланған судьялар Сенаттың жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Өзгелердің жаңалығы