Сенатта субсидия мәселесі талқыланды

28 Желтоқсан 2019, 10:27
3506
Бөлісу:
Сенатта субсидия мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау мәселелері талқыланды.

Жиынға еліміздің ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров бастаған министрліктің және "ҚазАгро" ҰБХ АҚ басшылығы қатысты.

Шараға қатысушылардың алдында баяндама жасаған министр аграрлық саланы мемлекеттік қолдау 292 млрд. теңгеге жеткенін атап өтті. 15 басым бағыт бойынша шамамен 47 түрлі субсидия пайдаланылды.

Инвестициялық субсидиялар машина-трактор паркін жаңартуды, жаңа тауарлық сүт фермаларын, ет бағытындағы құс фабрикаларын, бау-бақшаны, жылыжайларды, жемістер мен көкөністерді сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға және қалыптастыруды ынталандыратын болады, - деді С.Омаров.

Министрдің айтуынша, Үкімет ауылшаруашылығы өндірушілерінің алдындағы бірнеше жылдар бойы шешілмей келген субсидиялар бойынша берешекті өтеу мәселесін шешті.

Инвестициялық субсидиялар бойынша 28,5 млрд теңге төлеу мәселесі шешілді. Үкіметтің 3 желтоқсанда өткен отырысында берешекті өтеу үшін 36,7 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі қолдау тапты. Сондай-ақ, инвестициялық субсидиялар бойынша берешектің қалдығын жабуға 13 млрд теңге бөлінетін болады, - деп атап өтті С.Омаров.

Сенаторлар мақта шаруашылығын субсидиялау, мал шаруашылығын субсидиялау тәсілдерін өзгерту, сондай-ақ суландыру құрылыстарын инвестсубсидиялау, 2020 жылы субсидияларды уақтылы беру мәселелерін көтерді.

Комитет басшысы Әли Бектаев шараны қорытындылай келіп, осы саладағы қаржыландыру мен субсидиялар көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы