Сенатта көлік пен жер қойнауын пайдалануды бақылау жөніндегі заң жобасы қаралды

22 Қараша 2022, 15:36
891
Бөлісу:
Сенатта көлік пен жер қойнауын пайдалануды бақылау жөніндегі заң жобасы қаралды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң жобасы автокөлікті бақылауды автоматтандыруға, поездардың жолдан шығып кетуі немесе соқтығысу оқиғаларын, сондай-ақ кемелердің авариялық жағдайын тергеу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Құжат сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен Еуропалық Одақтың авиациялық талаптарына сәйкес келтіруді көздейді. 

Заң жобасының нормалары сондай-ақ әуе айлағы маңындағы аумақта қызмет атқаруға рұқсат алу тетігін реттеуді өзгертуді және күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тартуды көздейді.

Комитет депутаттары кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы