Сенатта «банкрот» мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды

28 Желтоқсан 2022, 18:30
1163
Бөлісу:
Сенатта «банкрот» мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды

Сенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімдері арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі көрсетілген. Бұл үшін соттан тыс банкроттық рәсімінен өтудің кіріс өлшемдерін, рәсімдер қолданылғаннан кейін борышкер мен несие беруші тап болатын жағдайларды, борышкердің мүлкін қалыптастыру және оны бөлу және т.б. тәртіптерді белгілеу ұсынылады.

Сенаторлар отырыс барысында заң жобасындағы борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімнен өту кезінде шетелге шығуына шектеуге қоюға, қажет болған жағдайда емделуіне, жақын туысын емделуге алып жүруіне, жақын туысын  жерлеуге тыйым салуға қатысты шараларды алып тастауды ұсынды.  

Комитет депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспелі заң жобаларын да қарады.

Өзгелердің жаңалығы