Сенаторлардың өңірлердегі тасқын суға қарсы күресі жалғасын тапты

12 Сәуір 2024, 19:48
361
Бөлісу:
Сенаторлардың өңірлердегі тасқын суға қарсы күресі жалғасын тапты
PHOTO
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Махамбет ауданында екінші толқынмен келуі ықтимал тасқын суға дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутат сапар барысында аудан орталығындағы бөгет салу аймағында болып, әскери қызметшілермен және еріктілермен әңгімелесті. Сенатор көрсеткен көмегі үшін оларға алғысын білдірді.

Қазір ауданның барлық ауылдарында тасқын су зардабын болдырмау үшін дайындық жұмыстары күшейе түсті. Бөгет құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алайда, жергілікті атқарушы органдар маңызды проблема болдырмау үшін бұл мәселеге көбірек назар аударуы тиіс, - деп сенатор Лұқпанов.

Тасқын суға қарсы іс-қимыл Қарағанды облысында да жалғасын тапты. Депутат Серік Өтешев тасқын суға ұшыраған бірқатар аудандарды аралады. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің тұрғындарына көмек көрсету, аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу және газ жеткізу мәселелері халықпен кездесулерде талқылаудың басты тақырыбы болды.

Сенаторлардың өңірлердегі тасқын суға қарсы күресі жалғасын тапты

Қарағанды облысында ауқымды су басу қаупі зор болды. Су одан әрі кеткендіктен айтарлықтай тасқын су болған жоқ. Судың келуінен зардап шеккен тұрғындар қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекет басшысы жақында сөйлеген сөзінде зардап шеккен барлық азаматтарға көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұған Үкімет те, депутаттар да жәрдемдесетін болады,-деді сенатор Өтешев.

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Іле ауданында салынған су қоймасы бөгетін қалпына келтіру барысымен танысты. Бөгет бұзылған кезде тиісті шаралар қабылданғаны атап өтілді. Дегенмен, бұл мәселе қайтадан туындауы ықтимал. Өйткені, су бөгеті құрылысы 1910 жылы салынған және қазір қайта жаңғыртуды қажет етеді. Осы мәселені шешудің тетіктері, сондай-ақ елді мекендердегі су бұруды мұқият зерделеу және жүйелеуге байланысты мәселелер талқыланды.

Қазіргі уақытта республикалық деңгейде шұғыл назар аударуды талап ететін бірқатар маңызды мәселелер бар. Сенаторлар өңірлерде болған кезде төтенше жағдайдың зардабымен күресте барынша көмек көрсетеді. Сенаторлар өз кезегінде болашақта мұндай төтенше жағдайдың алдын алу үшін заңнамалық деңгейде атсалысуға дайын, - деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы