Сенаторлар Талдықорғандағы жылу құбырының жұмысымен танысты

7 Қаңтар 2023, 18:18
783
Бөлісу:
Сенаторлар Талдықорғандағы жылу құбырының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиаскар Сарыбаев Талдықорған қаласындағы табиғи газға қосылған №4 қазандығы мен № 9 көмір қазандығында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар барысында көмір қазандықтарының табиғи газды пайдалануға көшірудің маңызы туралы мәселе көтерілді. Мұндай қадам көптеген экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Кәсіпорын басшылығы осыған байланысты депутаттарды қаладағы барлық жылу қазандықтары табиғи газға қосылатыны туралы айтты.

«Қазандықтарды көмірді пайдаланудан табиғи газға ауыстыру нақты мультипликативтік әсерге ие болады және бұл өңірдің экологиясына ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз қала экологиясын жақсарту жұмысын баяулатпаймыз, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуі тиіс», - деп атап өтті сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Сенаторлар бөлінетін бюджет қаржысының тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейтуге ерекше назар аударды. Сондай-ақ көп қабатты үйлерге арналған инженерлік желілер құрылысының барысымен танысты.

Сенаторлар сонымен қатар № 19 гуманитарлық-техникалық колледжде болды және оқу орнының жай-күйімен танысып, оқытушылар құрамымен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы