Сенаторлар Шымкент тұрғындарымен кездесті

7 Шілде 2022, 14:48
1345
Бөлісу:
Сенаторлар Шымкент тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент тұрғындарына сессиядағы Сенат жұмысының қорытындылары туралы айтып берді.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

Сенаторлар оларға VII шақырылымның 2 сессиясы барысында атқарылған жұмыстар туралы айтып, Парламенттің осы сессиядағы қызметі азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі кешенді шаралар мен қоғамдық-саяси бастамаларды іске асыру үшін уақытында заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Сенаторлар Қоғамдық кеңестер – бұл атқарушы билік органдарымен бірлесіп, ашықтықты қамтамасыз етуде, өзекті мәселелерді шешуде, азаматтардың қажеттіліктерін шешуде зор рөл атқаратын институттар екенін атап өтті.

Мемлекеттік шешімдерді қабылдау және іске асыру кезінде консультативтік-кеңесші орган ретіндегі қоғамдық кеңестердің жүйелі қызметі адамдардың әл-ауқатын арттыруға және олардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Бекназаров.

Сонымен қатар, сенаторлар мен қоғамдық кеңес мүшелері проблемалық мәселелерді талқылады. Мәселен, кеңес мүшелері оңтүстік өңірдегі бірнеше құс фабрикасы ауыл шаруашылығына субсидиялардың кешігуіне байланысты жабылғанын айтты. Сондай-ақ, құрылыс компанияларының, әсіресе тұрғын үй салушылардың жауапкершілігін заңнамалық күшейту мәселесі көтерілді. Парламентшілер осы кездесуде айтылған мәселелердің бақылауға алынатынын айтты.

Ашықтық пен әділдік – бүгінгі күннің басты талаптары. Мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы жұмысы жүйелі және нәтижелі болуы үшін біз қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыруға тиіспіз, - деді Айгүл Қапбарова.

Өзгелердің жаңалығы