Сенаторлар Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары идеологиялық деңгейде атап өтуді ұсынды

16 Ақпан 2023, 15:31
1078
Бөлісу:
Сенаторлар Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары идеологиялық деңгейде атап өтуді ұсынды
Фото: inform.kz

Бұл туралы депутат Алтынбек Нухұлы Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сенатор қазақ халқының көрнекті ұлы, Шығыс елдерінен шыққан тұңғыш академик, әлемге әйгілі ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары идеологиялық және ұйымдастырушылық тұрғысында жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. 

Ғалымның туған елі – Павлодар қаласының аэропортына «Академик Қаныш Сәтбаев» есімін беруді және алғашқы академиктің 10 томдық толық жинағы мен 5 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау және энциклопедиясын толықтырып, жаңадан екі тілде шығаруды ұсынамыз. Қазақстандағы Сәтпаев музейлерін заманауи талаптарға сәйкес қалыпқа келтіру, Қаныш Сәтпаевтың туған жерінде мемориалдық кешен салу және бұған дейінгі депутаттық сауалда көтерілген 30 километрлік туристік жолды салуды бастау маңызды», - деді сенатор Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында. 

Депутат аталған шаралар жоспарын қарау және бекіту үшін мемлекеттік комиссия құруды да ұсынды. Онда  жалпы мемлекеттік және өңірлік шаралар қамтылған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп еліміздегі мектептерді күзету - формальды түрде жүргізілетіндігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы