Сенаторлар Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті

10 Мамыр 2022, 16:55
1800
Бөлісу:
Сенаторлар Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті.

Сонымен қатар олар облыс орталығын қайта атауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту - қала тұрғындары үшін көптен күткен маңызды оқиға болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала атауын өзгерту жөніндегі бастамасын қалалықтардың басым көпшілігі қолдағанын атап өткім келеді. Бұл біздің ұлы саяси және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың еңбегінің маңызын көрсетеді, - деді сенатор Динар Нөкетаева.

Сенаторлар сондай-ақ алдағы референдумды және конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум - Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі. Біз 5 маусымда ұсынылған алдағы өзгерістердің бағыттары бойынша таңдау жасайтын боламыз. Дауыс беру қорытындысы Қазақстанның соңғы жылдары барлық салаларды реформалау бойынша жүргізіп жатқан ауқымды жұмысына қоғамдық қолдаудың жоғары деңгейін көрсететініне сенімдімін, - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Депутаттар кездесу барысында қала тұрғындарымен және басшылығымен облыс орталығының даму келешегін, сондай-ақ елді мекеннің мәртебесін арттырудың өңірдегі барлық тұрғындарға маңыздылығы талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы