Сенаторлар өсімдіктер дүниесі туралы заңды талқылады

21 Желтоқсан 2022, 16:25
826
Бөлісу:
Сенаторлар өсімдіктер дүниесі туралы заңды талқылады

Сенат депутаттары Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздің барлық аумағындағы өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуге қатысты заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Өсімдіктер дүниесі туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету, табиғи өсімдік ресурстары мен жабайы өсімдік түрлерінің генофондын сақтау және молайтуға арналған құқықтық негіздер жасауға, әрі оларды тиімді пайдалану мақсатында әзірленген.

Заң жобасы биологиялық алуандықты сақтауға және олардың тұрақтылығын арттыруға, өсімдіктердің эндемикалық және сирек түрлерін қорғауды жақсартуға, өсімдік ресурстары мен шикізат базасының әлеуетін сақтау және пайдалану, шағын бизнесті дамыту және жергілікті бюджеттердің кірістерін өсіру үшін инвестиция тартуға көмектеседі деп күтілуде.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша аталған заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы