Сенаторлар Нұр-Сұлтандағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету орталықтарына барды

29 Шілде 2022, 19:02
1229
Бөлісу:
Сенаторлар Нұр-Сұлтандағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету орталықтарына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты мекемелерде болды. 

Ол «Шарапат» және «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, қарттарға, мүгедек адамдарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының және т.б. ұжымдарымен кездесті.

Бұл орталықтардың мақсаты өмірде қиын жағдайға тап болған әрбір азаматқа, отбасына психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ жан-жақты қолдау жасау.

Ұйымдар сонымен қатар көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, егде жастағы адамдарға, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға қолдау көрсетеді.

Қоғамның әлеуметтік жағдайын реттеу – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, елордада әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау және жалпы қоғамның әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуді қолдау орталықтары ашылды, - деп атап өтті Андрей Лукин.

Сенатор кездесу соңында өткізілген шаралар үшін алғыс айтып, жұмыстарының табысты болуына тілектестігін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы