Сенаторлар Курчатов қаласындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімін аралады

3 Қараша 2024, 08:35
387
Бөлісу:
Сенаторлар Курчатов қаласындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімін аралады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Абай облысының Курчатов қаласында Сенаттың радиациялық және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында стратегиялық маңызы бар объектілердің қорғанысы талқыланды.

Іс-шараға Сенат депутаттары, Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" ӨңҚ әскери қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында генерал-майор Аңсаған Балтабеков депутаттарды әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметі, ағымдағы жағдайы және даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған. Басты міндеттердің бірі - маңызды мемлекеттік объектілерді қорғау. Сондай-ақ Ұлттық ұланға басқа да міндеттер жүктелген, - деп атап өтті генерал-майор Аңсаған Балтабеков.

Көшпелі отырыс аясында қонақтар "Байкал-1" реактор кешенінің қызметімен танысты. Дәл осы кешенде 1962-1991 жылдар аралығында КСРО-да ядролық зымыран қозғалтқыштарын құру жұмыстары жүргізілді. 

Осы маңызды мемлекеттік объектінің периметрі бойынша күзетті Ұлттық ұланның "Шығыс" ӨңҚ 3514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жүзеге асырады және болашақта объектінің қорғаныс жүйесі жаңғыртудан өтетін болады.

Сондай-ақ депутаттар Семей полигонының тарихи-экспозициялық залында болып, полигонның ашылу және даму тарихымен, ядролық жарылыстардың салдарымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы