Сенаторлар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда «Даму» қорының тиімділігін талқылады

21 Қазан 2024, 19:46
460
Бөлісу:
Сенаторлар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда «Даму» қорының  тиімділігін талқылады
Фото: сенат

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүздесуге қатысушылар қор тарапынан мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлік субъектілердің басым жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларымен қоса шағын және орта бизнес саласындағы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.

Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев отырысты аша келіп, шараның мақсаты кәсіпкерлікке жәрдемдесуде мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын Қордың ұлттық қаржы институты ретіндегі қызметін талдау болып табылатынын атап өтті. Сенатор шағын және орта бизнес экономиканың драйвері бола алмағанын, еліміз экономикасының дамуында кенже қалғанымен өзінің даму үрдісін өзгертпегенін атап өтті.

«Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдау алған кезде де сауда бұрынғыша басым сала болып қала береді. Субсидияланған жобалардың 37%-дан астамы да, кепілдендірілген жобалардың 39%-ы да сауда саласына жатады, - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.

Шараға сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы