Сенаторлар халықаралық форумға қатысты

25 Қараша 2022, 17:45
997
Бөлісу:
Сенаторлар халықаралық форумға қатысты
PHOTO

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов пен Бақтыбай Шелпеков қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 37-ші жалпы отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарды үйлестіру мен  және олардың орындалуына бақылау жүргізу тетіктерін енгізуге бағытталған заң жобаларын әзірлеу мен оларды іске асырудағы тәжірибелерімен басқа елдерден келген әріптестермен бөлісті.

Сенаторлар халықаралық форумға қатысты

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов шара барысында еліміздің заңнамасын жетілдіру тәжірибесімен, атап айтқанда, соңғы жылдардағы ұлттық заңнамаға енгізілген негізгі түзетулермен таныстырды.

Біз «Әділетті Қазақстан» құрып жатырмыз. Реформалардың маңызды мақсаты – ұлттық табысты әділ бөлуді қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен, халықпен кездесу кезінде заңсыз алынған капиталды мемлекетке қайтарып, оларды азаматтардың мүддесіне пайдалану керектігін бірнеше рет айтқан болатын, – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенатор Қазақстан Парламенті қабырғасында осы саладағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары белсенді жүріп жатқанын да атап өтті. Парламент биыл жазда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңдарды қабылдады.

Сенаторлар халықаралық форумға қатысты

Қазақстан сындарлы әрі салиқалы саясат жүргізіп келеді. Біз қазіргі жағдайда кірістерді жылыстатуға қарсы тұру мәселесін жекелеген елдердің жеке дара ұлттық проблемасы емес ойлаймыз. Осыған байланысты бізге халықаралық ұйымдардың неғұрлым белсенді қатысуы және шынайы ынтымақтастығы қажет, - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.

Өзгелердің жаңалығы