Сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын күшейтетін заң әзірледі

10 Қараша 2022, 11:20
1054
Бөлісу:
Сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын күшейтетін заң әзірледі

Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар Сенат спикері Мемлекет басшысының Қарағанды облысындағы шахтада орын алған апатты жете зерттеу бойынша берген тапсырмасы бар екендігін еске салды. Мәулен Әшімбаев кінәлілер тиісті жазасын алады деп сенеді. 

Маусым айында сенаторлар тобы еңбек қауіпсіздігі талаптарын күшейту бойынша заң жобасын әзірледі. Соның ішінде инспекторлардың құзыреті, мүмкіндігінше жоспардан тыс тексерістер өткізу де қамтылған. Қосымша ұсыныстар дайындау барысында (Үкімет тарапынан) сенаторлардың түзетулерін ескерулеріңізді сұраймыз. Барлығын бірге пысықтап, осындай сипаттағы төтенше жағдай мен қайғылы жайт үшін жауапкершілікті қатаңдататын нормалар қабылдануы тиіс. Осы нормалар Қазақстанда бұдан былай қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін жұмыс істейді деп сенеміз. Бәріміздің бірігіп шұғыл әрі сапалы жұмыс істеуіміз маңызды, - деді Сенат спикері Үкімет басшысына қарата.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан республикалық бюджетке 6,1 трлн теңге трансферт берілетіні туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы