Ұлттық қордан республикалық бюджетке 6,1 трлн теңге трансферт беріледі

10 Қараша 2022, 10:53
1028
Бөлісу:
Ұлттық қордан республикалық бюджетке 6,1 трлн теңге трансферт беріледі

Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджеттік қағидаға сәйкес мұнайға кесімді бағаны ескере отырып айқындалды және болжам бойынша мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салықтардың көлемінен аспайтын болады. Бұл ретте, заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы баррелліне 2023 жылы 48,9 доллар, 2024-2025 жылдары 42,2–40,3 доллар деңгейінде белгіленді. Осыны ескере отырып, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңге, одан әрі 2024 жылы 2,0 трлн теңге және 2025 жылы 1,9 трлн теңге көлемінде айқындалды, - деп атап өтті Әлібек Қуантыров. 

Айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтері артады. 

Жоспарлы кезеңде қағидаларды қолдану Ұлттық қордың валюталық активтерін 2023 жылы 66,7 млрд долларға дейін қалпына келтіруге, 2024–2025 жылдары 78,8–93,2 млрд долларға дейін арттыруға ықпал етеді. Біздің болжамымыз бойынша, Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферттің көлеміне және орта мерзімді кезеңде шығыстардың өсу қарқынына жоғарғы шекті белгілеу фискалдық тәртіпті арттыруға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы