Сенаторлар азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

7 Қаңтар 2023, 15:45
1013
Бөлісу:
Сенаторлар азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысы Көксу ауданының тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент депутаттары Балпық би ауылындағы орталық жылу қазандығының жұмысшыларымен кездесу барысында сала мамандарымен инженерлік инфрақұрылымның өзекті мәселелерін талқылады.

«Біз тұрғындарды толғандыратын мәселелерді талқылау және оларды ұтымды шешу жолдарын қарастыру үшін өңірге келдік. Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндетінің бірі ­- жылыту маусымында қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсарту мәселелерін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан аудандық жылыту қазандықтарын газға толық қосу мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс деп ойлаймын», - деді Сұлтан Дүйсембинов.

Депутаттар сонымен қатар өңірдегі басты кәсіпорны болып саналатын жергілікті қант зауытына барды. Кәсіпорын өкілдері зауыт өткен жылы 160 мың тонна қызылша өңдеп, 20 мың тонна қант өндіргенін хабардар етті.

«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала береді. Бұл ретте өңдеу қуаттарын тәулігіне 4,5-5 мың тоннаға дейін жеткізу – уақыт талабына байланысты қажеттілік, біз бәріміз осы мақсатқа жету үшін күш салуымыз керек», - деп атап өтті Ғалиасқар Сарыбаев.

Сенаторлар сонымен қатар Бесқайнар ауылындағы орта мектепті жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ғимаратты тексеру барысында бюджеттің тиімді және мақсатты жұмсалуын қадағалаудың маңыздылығы атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы