Сенаторлар адам құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мәселесін талқылады

30 Сәуір 2024, 19:00
317
Бөлісу:
Сенаторлар адам құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мәселесін  талқылады
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Конституциялық соттың судьяларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге қатысушылар Конституциялық соттың қызметін одан әрі нығайту және заңнаманың құқықтық мониторингінің маңызы жөніндегі өзара іс-қимыл, сондай-ақ тиімді заң шығармашылығы қызметі мәселелерін талқылады.

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов өз сөзінде Президенттің конституциялық сот құру туралы шешімінің маңызы зор екенін атап өтті. Бір жарым жыл ішінде көптеген жұмыс атқарылды, бұл оның қоғам тарапынан қажеттігін көрсетіп отыр. Ауқымды өтініштер ағыны келіп жатыр, олардың 99%-ы азаматтардан келуде.

Қазақстандағы құқықтық ахуал лсында қалыптасуда. Кез-келген шенеунік, тіпті судьялар да Конституциялық Сотқа қарап жұмыс істеуге міндетті. Бір жарым жыл ішінде осында 42 нормативтік қаулы қабылдады, онда заңнаманы дамытуға арналған маңызды құқықтық ұстанымдар тұжырымдалған. Соның нәтижесінде қылмыстық, әлеуметтік, салық заңнамасына, тіпті Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізілді, - деді Жақып Асанов.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова Парламент пен конституциялық бақылау органының өзара сындарлы іс-қимылын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өте келіп депутаттарды Конституциялық Соттың қызметі туралы хабардар етті.

Конституциялық Соттың судьялары өз кезегінде Конституциялық Соттың кейбір қорытынды шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыруға қатысушылардың назарын аударды.

Конституциялық соттың өкілдері сонымен қатар сенаторларға биылғы жылдың басынан бері 1 471 өтініш түскенін хабарлады. Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 1 284-і Конституциялық сотқа жүгінудің сипаты, мазмұны және ұсыну шарттары бойынша талаптарды сақтамағаны үшін азаматтарға қайтарылды. Конституциялық Сот Аппаратының алдын ала қарауында 142 өтініш бар. Қазіргі уақытта конституциялық іс жүргізу сатысында 11 өтініш, ал судьяларда алдын ала зерделеуде - 17 өтініш бар.

Сенат комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров жұмыс бабындағы кездесуді қорытындылай келіп Конституциялық соттың қызметін одан әрі жетілдіру, оның шешімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және нығайту тетіктері бойынша Парламент пен Конституциялық Соттың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы