Сенатор: "Қоғамда заң үстем болуы қажет"деген ұстаным – басты бағдар болмақ

15 Наурыз 2024, 20:30
348
Бөлісу:
Сенатор: "Қоғамда заң үстем болуы қажет"деген ұстаным – басты бағдар болмақ
Фото: Ақорда

Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атыраудағы Құрылтайда қоғамдық топтасу мен жалпыұлттық құндылықтарды дамыту тақырыптары арқау болды. Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды» екенін айтып, оған қажетті алғышарттар мен нақты істерге тоқталды. Ұлтымыз үшін маңызды ономастика, төл тарих, руханият, қазақ тілі, креативті индустрия, ұлттық бірегейлігімізді нығайту, кітап оқитын ұлтқа айналу мәселелері де Президент назарынан тыс қалмады. «Озық ойлы елге айналудың төте жолы – кітап оқу» екенін екпін түсіре еске салды,- деп жазды сенатор.

Біздің бай тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, тарихи жәдігерлерімізді шетел мұражайларынан Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру, археология саласына қатысты заңдарды жетілдіру туралы келелі ойлар ортаға салынды. 

Әсіресе, Президент «ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жағымсыз әдеттерден арылу, есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатаңдатып, оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру» қажеттігін тілге тиек етіп, Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырды.

Мемлекет басшысы «Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек”,- деді. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажеттігін айтты. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет» екенін де айрықша атап өтті.

Осы орайда, «Заң мен тәртіп сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет» деген Президент ұстанымы – басты бағдар болмақ. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштаған ұғымын барынша тиянақтай түседі, - деді Нұртөре Жүсіп.

Өзгелердің жаңалығы