Сенатор Еңсегенов Премьер-министрмен кездесті

24 Тамыз 2020, 21:40
1458
Бөлісу:
Сенатор Еңсегенов Премьер-министрмен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Премьер-министр Асқар Маминмен кездесіп, елдегі балық өнеркәсібін дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Уақытында сенатор балық шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық ведомство құру және осы саланы қолдау бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен бірқатар отырыстар өткізу туралы бастама көтергендердің бірі болды. Сол кезеңде өзен арналарын тереңдету және балық арналарын тазарту мәселелері де талқыланды.

Сенатор Жайық және Қиғаш өзендеріндегі су көлемін арттыру, шекаралас аумақтағы Балқұдық-Қарабалы өткізу пунктінің мәртебесін белгілеу, сондай-ақ депутаттың өңірлік сапарлары кезінде азаматтар көтерген бірқатар басқа да мәселелерді сөз етті.

Министрлер кабинетінің басшысы Қазақстанда балық шаруашылығы комитетін құру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді, сондай-ақ сенатор айтқан мәселелерді шешу бойынша Үкімет қолға алған жұмыстар туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы