Сенатор Асқар Маминге ұсыныс жасады

10 Қыркүйек 2020, 12:31
2227
Бөлісу:
Сенатор Асқар Маминге ұсыныс жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы үкіметке «дәрігер мәртебесі» туралы заң қабылдауды ұсынды.

Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмектің үлесі небәрі 20 процент, қалған 80%-ы шет елдерден импортталады. Жеріміз дәрі жасайтын шөптерге өте бай. Өкінішке қарай, өзімізде оларды пайдалану жеткілікті түрде жолға қойылмаған. Есесіне дәрілік шөптерді заңсыз сыртқа шығару күшейіп келеді. Бұлай жалғаса берсе, кейбір дәрілік қасиеті мол шөптердің тұқымы құрып кетуі мүмкін,- дейді Мұрат Бақтиярұлы. 
Оның айтуынша, медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі – кадр тапшылығы. 
Мысалы қазір емдеу орындарында 4 мың дәрігер жетіспейді. Тіпті індет қаупі сейілмей тұрған ірі орталықтар мен өңірлерде 800-ден астам инфекционистің орны бос тұр. 2018 жылы "Диплломмен ауылға" бағдарламасымен барған 706 жас маманның тек 355-і ғана көтерме ақы алды. 102 дәрігерге тұрғын үй бұйырды. Қазір дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші қалада 56,8 пайыз болса, ауылда небәрі 16,1 пайыз қана. Сондықтан медицина мамандарын даярлайтын 6 жоғары оқу орнында жабылып қалған медициналық, профилактикалық факультеттерді қайта ашу қажет, - дейді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстанда денсаулық сақтау саласында 250 мың медицина қызметкері, оның ішінде 72 мың дәрігер қызмет етеді. 
Денсаулық саласын қандай озық технологиялармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етсек те, ол білікті дәрігерді алмастыра алмасы анық.  Сондықтан адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, ажалға араша түскен дәрігерлер қауымы үшін «дәрігер мәртебесі» туралы заң қабылдауды ұсынамыз, - дейді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы