Мұғалімдердің тынымсыз жұмысын жоққа шығаруға болмайды – министр

10 Қыркүйек 2020, 12:27
1118
Бөлісу:
Мұғалімдердің тынымсыз жұмысын жоққа шығаруға болмайды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметіндегі» онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Министр оқыту үшін 435 мың компьютер уақытша берілгенін айтты. Жақын арада 300 мыңнан астам компьютер мұқтаж азаматтарға таратылады.
Күніне 2 млн-ға жуық сабақ өткізіледі. Күн сайын 70-80 млн рет сабақтарды онлайн платформалардан көріп отыр. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Бір аптада 12 млн жеке қолданушылар интернет платформаларды пайдаланған. 6 күн сабақ оқиды десек, яғни күніне 2 млн бірегей пайдаланушылар тиісті платформаларға кіріп, жұмыстарын атқарып жатыр. Күнделікті алатын болсақ, оған күніне 700 мың баға қойылып отыр. Статистикаға қарасақ, күніне 1 млн тапсырма беріледі. Осыдан әріптестеріміздің үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын көруге болады, - деді Аймағамбетов.
Министр теледидар арқылы көрсетіліп жатқан сабақтар жайында айтты.
Теледидар арқылы да сабақтарды беріп жатырмыз. IV тоқсанда тәжірибені көрдік. Оның тиімділігіне көзіміз жетті. Сондықтан 6 мыңнан астам түсірілген сабақтар теледидардан көрсетіліп жатыр. Бұл өте қолжетімді құрал екені белгілі, - деді білім министрі.
Аймағамбетов оқытуда проблемалар бар екенін айтты.
Сабақ болмай жатыр деп айту дұрыс емес. Өйткені біздің 500 мың әріптестеріміздің күнделікті күн демей, түн демей жасап жатқан жұмыстарын сызып тастауға болмайды. «Проблемалар бар ма?» деген сауал бар. Әрине, проблемалар бар. Оны біз білеміз. Олар бойынша мектеп басшыларымен, ұстаздармен, әріптестеріміз тиісті жұмысты жасап жатырмыз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы