Сенат Жоғарғы Сот судьясын қызметінен босатты

17 Ақпан 2022, 10:34
1538
Бөлісу:
Сенат Жоғарғы Сот судьясын қызметінен босатты

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босатты. Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың отырысында белгілі болды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Жаңылсын Архарова орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы  қызметінен босатуды ұсынды, - делінген хабарламада.

Біздің Архарова Жаңылсын Баянқызын орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қарастырдық. Жаңылсын Архарова беделді және тәжірибелі судья, 26 жылдан астам судьялық жұмыс өтілі бар. Соның ішінде 9 жылдан астам уақыт Жоғарғы Соттың судьясы болды. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі. Сіздерден Мемлекет басшысының Архарованы орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз, - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип. 

Депутаттар ұсынысты бір ауыздан қолдады.

 

Өзгелердің жаңалығы