Сенат Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын ұлғайтатын заңды қабылдады

6 Қазан 2022, 14:54
1027
Бөлісу:
Сенат Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын ұлғайтатын заңды қабылдады

Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Хаттама уақытша Келісімнің қолданылу мерзімін 2025 жылғы 27 қазанға дейін ұзарту және тараптар арасындағы преференциялық сауда режимінің алшақтығына жол бермеуді мақсат тұтып отыр. 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын комитеттің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында заң жобасын әзірлеуші өкілдерінің және Сенат Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен қарап, мыналарды атап көрсетеді, - деп атап өтті Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Д. Әділбеков. 

Заң жобасы 2018 жылғы 17 мамырда қол қойылған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау мақсатында қабылданып отыр.

Сонымен қатар уақытша келісім:

- бірқатар тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту немесе жою арқылы тараптар арасындағы тауарлар саудасын ырықтандыруға және оңайлатуға;

- еркін сауда аймағын қалыптастыру үшін негіз құруға бағытталған, оның шеңберінде халықаралық қағидаларға, стандарттарға және практикаларға сәйкес Тараптар арасындағы саудаға қатысты баждар мен сауданы реттеудегі өзге де шектеу шаралары жойылатын болады;

- Тараптар арасындағы экономикалық және сауда-саттықтағы өзара 
іс-қимылды қолдауға;

- неғұрлым тығыз ынтымақтастықты дамытуға және Тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге бағытталған. 

Уақытша келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту сауданың бажсыз режимін және отандық тауарлардың Иран нарығына шығуы үшін қолайлы жағдайларды сақтауға мүмкіндік береді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ. Заң бір ауыздан қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы