Сенат қайырымдылық жасаушыларды көтермелейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

23 Маусым 2022, 11:57
1392
Бөлісу:
Сенат қайырымдылық жасаушыларды көтермелейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды. 

Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров заң жобасы әзірлеу кезінде жан-жақты талқыланып, қоғам өкілдерінің пікірлері ескерілгенін айтты. 

Заң жобасы үш негізгі блоктан тұрады. Бұл – волонтерлік қызмет, қайырымдылық және ҮЕҰ қолдау. Ұсынылған заңнамалық түзетулер аталған салаларды реттеу емес, қайырымдылық пен волонтерлікті дамытуға бағытталғанын атап өту қажет. Қайырымдылыққа қатысты заң жобасында бірқатар ынталандыру шаралары көзделген, - деді Омаров. 

Министр атағандай, қайырымдылық ұйымдарына мемлекеттік меншік нысандарын пайдалану мүмкіндігін берілетнін айтты. 

Оларға құрметті атақтар беру арқылы мемлекеттік деңгейде қайырымдылық жасаушыларды көтермелеу. Қайырымдылық көмектің транспаренттілігін арттыру үшін қайырымдылық ұйымдардың есептерін БАҚ-та жариялау нормалары көзделген. Қайырымдылық жасау мен пайдаланушы арасындағы есептерге, сондай-ақ қайырымдылық волонтерларының қаражат жинау қатысты нормалар нақтыланды, - деді Омаров. 

Заң жобасы екінші оқылымда қаралады. 

Өзгелердің жаңалығы