Сенат Экспорттық-кредиттік агенттік туралы заңды мақұлдады

11 Қаңтар 2024, 10:58
401
Бөлісу:
Сенат Экспорттық-кредиттік агенттік туралы заңды мақұлдады
Фото: BAQ.KZ -архив

Сенат отырысында Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі арқылы іске асырылатын отандық шикізаттық емес тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын дамыту және ілгерілету қажеттілігіне байланысты Заңды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экспорттық-кредитік агенттігі сыртқы сауда операциялары кезінде төлем жасамау тәуекелінен сақтандыратын қорғаныс қызметін көрсететін болады.

Экспорттық-кредиттік агенттік сыртқы сауда операциялары кезінде төлем жасамау тәуекелінен сақтандыратын қорғаныс қызметін көрсететін болады. Сақтандырумен қатар мемлекеттік кепілдендіруді және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шартты турде салымдар арқылы экспорт алдындағы және экспорттық сауданы қаржыландыру, сондай-ақ қаржы агенттігінің функцияларын жүзеге асыру көзделеді. «Сақтандыру қызметі туралы» Заң ЭКА-ға қолданылмайды», - деді сенатор Серік Шайдаров.

Оның айтуынша, Заңда экспорттық кредиттік агенттігімен үлестес тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салынған.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістерде ЭКА-ны қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу ұсынылады. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға толықтыруларға сәйкес ЭКА Сауда және интеграция министрлігінің өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтерін көрсететін болады. Бұл шаралар отандық тауарларды ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы іске асырылатын болады,-деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы