Сенат депутаттары шаруалармен кездесті

19 Тамыз 2022, 10:19
834
Бөлісу:
Сенат депутаттары шаруалармен кездесті
PHOTO

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Сайрам ауданында іс-сапарымен болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  олар жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Олардың шешу жолдарын талқылады. Халықтың игілігі мен мемлекеттің дамуы үшін қолданысқа жаңадан енген заңдарға, сонымен қатар талқыланып, қаралып отырған заң жобаларына, қабылданған өзге де өзгерістерге тоқталып өтті.

Сенат депутаттары шаруалармен кездесті

Жиында бірқатар тұрғындар мен белсенділер тарапынан егінді суғаруға су науаларын салу, азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері бағаларының негізсіз өсуін тоқтату, ауыз су жүйелерін қаржыландыру, интернет желісін жылдамдату секілді өзекті мәселелердің заң аясында зерделеп, шешімін табуға ықпал етулерін сұранды. Сенаторлар барлық сұрақтарды заң аясында қарап, бақылауға алынатынын айты.

Сенат депутаттары шаруалармен кездесті

Сенаторлар сапар барысында сондай - ақ диқандармен жүздесіп, жылына екі өнім өсіретін шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 4 гектар жерге картоп еккен шаруа гектарына 25-30 тоннаға жуық өнімдерін жинап алған. Екінші айналымында қияр және қырыққабат көкөністерін өсіруде. Жалпы әр гектарынан 60-80 тонна шамасында өнім алады.

Сенат депутаттары шаруалармен кездесті
Одан кейін  Парламент Сенатының депутаттары Қазығұрт ауданына  келді. Арнайы ауданға ат басын бұрған сенаторлар аудандағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 
Сенат депутаттары шаруалармен кездесті
Атап айтар болсақ, «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бауының алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.
Сенат депутаттары шаруалармен кездесті
 
Соңғы 10 жылда аудан көлемінде алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен. Ал «Бірлік» өндірістік кооперативінде ауданның жүздеген тұрғыны жұмыспен қамтылып, қарқынды бау көлемі – 120 гектарды құрап, бүгінгі таңға 500 тоннадан артық алма жиналған. 
Сенат депутаттары шаруалармен кездесті
Сенаторлар қазығұрттық диқандардың жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар сенаторлар аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық төрағаларымен жүздесіп, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.
Өзгелердің жаңалығы