Сенат депутаттары Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысымен танысты

25 Тамыз 2021, 14:56
2055
Бөлісу:
Сенат депутаттары Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Сергей Карплюк Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында жаңа шағын ауданға барып, тұрғын үй құрылысымен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жаңа ауданда жалпы көлемі 210 мың шаршы метр болатын 102 көп қабатты үй салынады деп қарастырылған. Соған сәйкес 7996 пәтер пайдалануға берілмек. Одан бөлек, мұнда 2067 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл аудан тұрғын үймен қатар қажетті инфрақұрылыммен де қамтамасыз етілуде. Нақты айтқанда, қазірдің өзінде бұл жерде екі мектеп салынып жатыр. Онда 1880 бала білім алады деп күтілуде.

Осылайша, жаңа ауданда 10 мыңнан астам отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. Сенатор Жеңіс Нұрғалиев құрылыс жұмыстарының сапалы болуына баса мән берді. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Сергей Карплюк өңірдегі құрылыс қарқыны ерекше екпінмен дамып, өткен жылдың деңгейінен асып түскеніне назар аударды. Депутаттың айтуынша, бұл өңірдегі тұрғын үй саласын дамытудың көрсеткіші болып саналады.


Өзгелердің жаңалығы