Семей қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық қызмет өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп, пәтері тұрмыстық қалдықтарға толып кеткен жергілікті тұрғынға көмек көрсетті.
Тексеруге тұрғындардың жағымсыз иіс, антисанитариялық жағдай және өрт шығу қаупіне байланысты түскен көптеген шағымдары себеп болған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтерде ұзақ уақыт бойы қоқыс пен қажетсіз заттардың жиналып қалғанын анықтады.
Жүргізілген жұмыстар барысында пәтерден шамамен 10 КамАЗ қоқыс шығарылды. Қоқысқа толы тұрғын үй тек пәтер иесі үшін ғана емес, бүкіл үй тұрғындары үшін де үлкен қауіп төндірген. Қоқыстың көптігінен өрт шығу, инфекция таралу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу қаупі болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, пәтерді тазарту жұмыстарын үйлестірді. Сондай-ақ әйел адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған қажетті әлеуметтік көмек ұсынылды, - деп хабарлады Семей қаласының ПБ ҚҚБ бастығы Елдос Оразалин.
Ведомство өкілдері мәлім еткендей, уақытылы қабылданған шаралардың арқасында ықтимал төтенше жағдайдың алдын алып, көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болды.
Полиция азаматтарды адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы дер кезінде хабарлап, санитариялық талаптарды сақтауға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Эйфель мұнарасына қарама-қарсы тұрған жердегі «Қазақстан» жазуын сынға алды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды
Алматыда 145,5 млрд теңгеге қоқыс өңдейтін зауыт салынады
Алакөлде қоқыс полигоны пайда бола ма? – Министрлік жауабы