Семейлік тұрғын танысына 500 мың теңге онлайн-несие рәсімдеп, алданды

8 Сәуір 2022, 18:28
1645
Бөлісу:
Семейлік тұрғын танысына 500 мың теңге онлайн-несие рәсімдеп, алданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдің полиция басқармасына 19 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 20 жастағы танысына микрокредиттік ұйымнан 500 000 теңге несие алып бергенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, танысы несиені өзім жауып отырам деп уәде берген екен, деп хабарлады altaynews.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірген, одан жауап алу барысында қаскөй кінәсін мойындаған.

Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясы бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы