Семейлік кәсіпкерлер COVID-19-ға байланысты шектеу шараларын қолдап отыр

13 Маусым 2020, 16:26
1278
Бөлісу:
Семейлік кәсіпкерлер COVID-19-ға байланысты шектеу шараларын қолдап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткізді. 

Басқосу барысында облыстың бас санитар дәрігерімен бірге қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын күшейту талқыланды, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Жиында аймақ басшысы Семей тұрғындарына коронавирустық инфекция туралы түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізіліп жатқанын айтты. Даниал Ахметов қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жөнінде халықты күнделікті ақпараттандыруды жөнге салуды тапсырды. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 12 маусымға дейін 234 адамнан коронавирустың белгілері анықталған. Соңғы он күннің ішінде 56 жағдай тіркелген. Соңғы аптада облыстағы аурдың үлесі 4,1 пайызды құрап отыр. 

Облыс бойынша Семейдегі эпидемиологиялық жағдай қиын. Аурудың қорытындысы бойынша, 70%-ы Семейде тіркелген. 

Бүгінде Семейде 103 адамда симптомсыз инфекция тіркелді. Сондай-ақ, қаладағы кәсіпорындарда жаппай жұқтыру жағдайы орын алды. Мәселен, Семейдегі тері венерологиялық диспансерде 37, "Қазполиграф" - 27, туысқандарымен араласқан 15 адам жұқтырған. 

Бас санитар дәрігердің айтуынша, аталмыш дерттің күн сайын өсуіне қарапайым нормалар мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамау, қашықтықты сақтамау себеп болып отыр. Семей қаласындағы жағдайға байланысты ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы шығады. 

Жалпы, облыста 1512 адаммен байланыста болған 151 ошақ бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы