Семейді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамыту керек – президент

9 Қаңтар 2020, 12:01
3164
Бөлісу:
Семейді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамыту керек – президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында Семейді әлеуметтік-эко­но­ми­калық тұрғыдан кешенді түрде дамы­тып, ондағы тарихи-мәдени нысандар­ды жаңа талапқа сай жаңғырту керектігін айтты.

Шығыс Қазақстан облысының Ақ­шоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскен­­байұлы әулетінің қорымы абаттанды­рылады.

Сонымен қатар Абай тұл­ғасын жоға­ры дәрежеде дәріптеу үшін Үкімет мына­дай шараларды қолға алуы керек деді ол.

Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қа­ласын тарихи орталық ретінде белгі­леген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрім­нің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны там­ған өңір айрықша құрметке лайық. Осы­ған орай шаһарды әлеуметтік-эко­но­ми­калық тұрғыдан кешенді түрде дамы­тып, ондағы тарихи-мәдени нысандар­ды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкі­метке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын, - деді президент.

Сонымен қатар, мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абат­тандырып, ұлы ақынның рухына тағ­зым етуге келетін жұртшылыққа қолай­лы жағдай жасау қажет екендігін айтты.

Абайдың "Жиде­бай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мә­дени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек. Жидебайда музейге арнайы лайық­талған "Абай мұрасы" атты жаңа ғи­марат салу қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы