Семейдегі Infobus бағдарламасы қашан іске қосылады?

4 Қазан 2019, 15:24
1549
Бөлісу:
Семейдегі Infobus бағдарламасы қашан іске қосылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі «Infobus» бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Жаңа автобустар жолға шыққалы бағыттарынан жаңылған семейліктер, «Infobus» бағдарламасының іске қосылуын асыға күтіп жүр.

«KazInterSoft» компаниясының өкілі Алексей Яковлевтің айтуынша, аталмыш бағдарламаға жаңа автобустар енгізіліп қойған.

«Техникалық ақауларға байланысты бағдарлама бір айға жуық уақыт істен шықты. Біз бағдарламаны реттедік. Қазір сынап көріп жатырмыз. Бәрі дұрыс болған жағдайда, қала тұрғындары апта аяғында бағдарлама арқылы автобустың қай жерде екенін бақылай алады», - дейді инженер Муслим Багиров.

Өзгелердің жаңалығы