Семейдегі аспалы көпірдің жолы жөнделетін болды

9 Қыркүйек 2019, 11:47
2408
Бөлісу:
Семейдегі аспалы көпірдің жолы жөнделетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі аспалы көпірдің жолы жөнделетін болды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жапондық инженерлер салған Семейдегі аспалы көпір – қаланың көркіне әрі символына айналған.

«Әзірше жолды жөндеу жұмыстарына дайындап жатырмыз. 10-шы қыркүйектен кейін асфальт төсей бастаймыз», – дейді Семей қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі Серікқали Жұманов.

Өзгелердің жаңалығы