Семейде зілтеміршілерге арналған екі жаттығу залы ашылды

4 Шілде 2019, 21:45
1679
Бөлісу:
Семейде зілтеміршілерге арналған екі жаттығу залы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы «Жас қуат» бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарлама аясында ел аумағында ондаған ауыр атлетика залы ашылып, ескі жаттығу залдары жөндеуден өтеді, деп хабарлады altaynews.kz.

Спорт залдың ашылу рәсіміне республикалық ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұрәлинов қатысты.

"Семейде екі зал ашуды ұйғардық. Оның бірі «Локомотив» стадионында, ал екіншісі қаладағы №32 мектепте орналасқан. Жалпы, аталмыш бағдарлама аймақтардағы жас атлеттерге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылуда екенін айтқым келеді. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – болашағынан зор үміт күттіретін жастарға бір жыл бойы арнайы стипендия төленетін болады. Сіздердің облыстарыңыздан мұндай стипендияға бес спортшы ие болды", – деді Нұрәлинов.
Өзгелердің жаңалығы