Семейде жыл үздіктері марапатталды

14 Желтоқсан 2019, 04:45
5342
Бөлісу:
Семейде жыл үздіктері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жыл үздіктеріне құрмет көрсетілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Қалада 14-29 жас аралығында 85 406 тұрғын тіркелген. Бұл қала халқының 24,6%-ын құрайды. Семейде Жастар жылы аясында "Жыл таңдауы - 2019" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сыйлықтар 10 аталым бойынша беріледі. Олар:  

1. Жылдың жастар ұйымы;

2. Жас отбасы;

3. Жылдың үздік волонтері;

4. Жылдың жас спортшысы;

5. Ауылдың жас маманы;

6. Жылдың үздік студенті;

7. Жылдың жас журналисі;

8. Жылдың жас ғалымы;

9. Жылдың жас дәрігері;

10. Жылдың жас әскери қызметкері.

Аталмыш шараға шаһар басшысы Ермак Сәлімов қатысты. Жеңімпаздар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды.



Өзгелердің жаңалығы