Семейде жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

17 Маусым 2023, 20:38
836
Бөлісу:
Семейде жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: Семей қаласы әкімдігі

Семей қаласында жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы Семей қаласында жалпы ұзындығы 60 км болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шугаев көшесіндегі бордюрларды ауыстыру- жөндеу жұмыстарын тексеріп, Би Боранбай мен Иртышская көшелеріндегі жолдарды асфальттау жұмыстарымен танысты. Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.

Семейліктер үшін жол ең өзекті мәселелердің бірі. Биыл қала ішінде 40-қа жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмысты уақытынан кешіктірмеуді және келісімшартта көрсетілген жұмыстардың талапқа сай болуы –басты талабымыз,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Өзгелердің жаңалығы