Семейде жол апатынан 7 адам зардап шекті

10 Мамыр 2024, 17:13
240
Бөлісу:
Семейде жол апатынан 7 адам зардап шекті
VIDEO
Фото: Абай облысы ПД

Семей қаласының орталығында ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 мамырда сағат 18:20 шамасында 38 жастағы "ГАЗель" көлік құралының жүргізушісі Ибраев-Қайым Мұхамедханов даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп, "Toyota Highlander"көлігімен соқтығысқан.

Соқтығысқаннан кейін "ГАЗель" көлігі тағы екі "Ваз 2109" және "Lexus RX 300"көліктерімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам ауруханаға түсті.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы