Семейде жерасты өткелдері жөнделеді

17 Маусым 2023, 18:48
883
Бөлісу:
Семейде жерасты өткелдері жөнделеді
Фото: Семей қаласы әкімдігі

Семейде ағымдағы жылы жерасты өткелдеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Қала басшысы көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, жерасты өткелдері, жолдарды асфальттау, қоғамдық кеңістікті қолданысқа беру, аулаларды абаттандыру бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Семейде жерасты өткелдері жөнделеді

Тексеру жұмыстары барысында қала әкімі Шәкәрім көшесіндегі жерасты өткелінің жөндеу жұмысын тексерді. Семей қаласында 8 жерөткелі бар, биыл өткелдердің 4-уіне күрделі жөндеу, 4-уіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қала әкімі тексеру жұмыстары барысында мердігер ұйымдарының басшыларына бірқатар ескертулер жасады.

Семейде жерасты өткелдері жөнделеді

Жерасты өткелдеріне заман талабына сай абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Семейді туристік келбетін ашатын муралдар салуды қолға алыңыздар. Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, өткел ішіне жарықтандырулар жүргізу керек,- деді Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдардың басшыларына

Өзгелердің жаңалығы