Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды

7 Қараша 2019, 05:23
1679
Бөлісу:
Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады. 

Шамдарды қаладағы қараңғы көшелерге қою көзделіп отыр. Дулатов көшесінің бойындағы №40 мектеп пен Дәстенов көшесіндегі №9 мектептің маңына қызыл, ал №47 мектеп маңына сары түсті жарықдиодты шамдар орнатылды.

Егер бұл шамдар жүргізушілер мен тұрғындар үшін ыңғайлы болса, ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы бірнеше мектеп маңайына қоямыз, - дейді әкімдіктегілер.

Өзгелердің жаңалығы