Семейде заманауи спорт кешені салынады

28 Сәуір 2024, 01:18
382
Бөлісу:
Семейде заманауи спорт кешені салынады
Фото: baq.kz

Семейде «Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметі бойынша құрылыс жұмыстары қазан айында басталып, 2026 жылдың басында аяқталады деп жоспарланған.

Енді Семейдің сол жағалауында бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін заманауи арена пайда болады. Жаңа стадион спорттық жарыстарды өткізуге арналған арена ғана емес, сонымен қатар түрлі жастағы тұрғындардың жиі бас қосатын орындарының бірі болады. Бұл жерде концерттер, фестивальдар және көрмелер сияқты әртүрлі ойын-сауық әрі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл аймақтағы туризм мен мәдени алмасуды дамытады.

Өзгелердің жаңалығы