Семейде TikTok-та тікелей эфир жүргізген бойжеткен қамауға алынды

TikTok желісінде заңға қайшы тікелей эфир өткізген азаматша анықталды.

 видеодан скриншот 30 Шілде 2026, 14:13
30 Шілде 2026, 14:13
254
Фото: видеодан скриншот

Семейде полиция қызметкерлері TikTok желісінде заңға қайшы тікелей эфир өткізген бойжеткенді анықтады. Сот оны әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тікелей эфирде не болды?

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады. Эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, әдепсіздік көрсетті және есірткі қолданатынын мәлімдеген.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады.

Құқық бұзушы Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрған 26 жастағы бойжеткен болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол алкогольдік масаң күйде болған. Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция ескертеді

Интернеттегі әрбір осындай тікелей эфир, заң мен қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір фактісі тиісті түрде құқықтық тұрғыдан бағаланып, тиісті шаралар қабылданады. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Заң көшеде де, цифрлық кеңістікте де баршаға бірдей қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін желіде «жұлдыз» болғысы келген алматылық азамат қамауға алынды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада полиция формасын киіп, әлеуметтік желіге видео түсірген блогер жазаланды

Желіде шу шығарған блогер қыздың үстінен іс қозғалды

Ақтауда әйелін балағаттап, қорғау нұсқамасын бұзған блогер "Хан Тамада" қамауға алынды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абай Облысының Полиция Департаменті (@abai_department_police)

Наверх